$ 443.37  474.49  4.83

Димаш Құдайберген Токиода өтетін концертін кейінге шегерді

Бұған дейін Димаш Құдайберген COVID-19 пандемиясына байланысты "Arnau Tour" әлемдік турын кейінге шегергені туралы хабарланған болатын.

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген мамыр айында Токиода болатын концертін кейінге қалдырды, деп хабарлайды Stan.kz.

"Қымбатты достар, үлкен өкінішпен джаз жобасы аясында Токиода 24 мамырда өткізілуі керек концертімнің болмайтынын жеткіземін. Жақында бәрі ойдағыдай болатынына және біз сіздермен Жапонияда ғана емес, басқа елдерде де көрісеміз деп сенемін. Мен сіздерді шексіз жақсы көремін", - деп жазды Димаш Құдайберген өзінің инстаграмдағы парақшасында.

Бұған дейін Димаш Құдайберген COVID-19 пандемиясына байланысты "Arnau Tour" әлемдік турын кейінге шегергені туралы хабарланған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары