$ 494.87  520.65  4.91

«Көңіліме тиеді»: Толқын Забирова болашақтағы жоспарымен бөлісті (ВИДЕО)

Бұл альбомның ішінде 20-ға жуық әндер кірді.

Әнші Толқын Забирова шығармашылығының тарихынан сыр шертті, деп хабарлайды Shownews.kz.

Қазақ эстрадасының жұлдызы Толқын Забирова биыл дүркіретіп 50 жылдығын атап өтпек. Өнер өкілі мерейтойының құрметіне турне ұйымдастырып,барлық ауыл-аймақты аралауды жоспарлаған да көрінеді. Десе де әртістің кеш өткізуінекарантин кедергі болып, дүбірлі концерт кейінге шегерілген.

“Бұл жылы менің юбилейім. Мен биыл 50 жылдығымды тойлаймын. Менің шығармашылығыма 30 жыл. Біз үлкен тур ұйымдастырып жатқан болатынбыз, өкінішке қарай мұндай жағдай орын алады деп ойламадық. Алла бұйыртып бәрі біткенде, күзге қарай көрермендермен залдарда қауышамын деген ойдамын. Ол болмаған жағдайда турды келесі жылға қалдырамыз”, –  дейді Толқын Забирва.

Толқын Қалиқызының шығармашылығына да биыл 30 жыл толмақ. 20-дан асқан шағында шетелде жанкүйерлерін жасақтап үлгерген жезтаңдай әнші, тіпті қаршадайынан ресейлік студиялармен шығармашылық байланыс орнатып, орыс тіліндегі әнжинағын да шығарып үлгерген еді.

“Бұл үшінші алъбом, оның аты «Поцелуй». Бұл алъбомның жазылғанына 20 жыл болды. Мен ол уақытта өте жас қыз едім. Шыныменде ол уақытта жазылған әндер, ол уақыттағыта тақырып та ерекше, жастық шақты еске салатындай әндер жазылған. Бұл альбомның ішінде 20-ға жуық әндер кірді. Оның авторларының бәрі Мәскудің ақын-композиторлары”, –  дейді әнші Забирова.

Өзге елдің сазгерлермен тандем құрған өнер өкіліне, отандық композиторлардан да ұсыныс жиі түсетін көрінеді. Десе де Бибігүл Төлегенованың шәкірті ән таңдауда аса талғампаздық танытады.

“Енді қазір кім көп ақын көп, композитор көп. Әрине, ол ең бірінші әншіңнің талабына байланысты. Әрине әндер өте көп, ұсыныстар жиі түсіп жатады: «Менің әнімді айтып беріңізші» деген. Оның ішінен шекелерінен шертіп таңдағандай әндерді таңдаймын. Егерде ол мен айтып кеткен, Абай атам айтып кеткендей: ол құлаққа жағымды болса жүрекке жетері сөзсіз. Сондықтан мен де сондай ұстаныммен әндерді таңдаймын”, –  дейді Толқын Қалиқызы.

Елуді еңсерген Толқын ханымның жастарға қояр талабы да аз емес. Бүгінде Забирова ұстаздықпен қатар,еліміздегі түрлі вокалдық сайыстарда да жиі төрелік етеді. Іні-сіңлілерінен ақылын аямайтын ол, бұл жолы да әпкелік кеңесімен бөлісті.

“Мені олардың өте аз екендігі көңіліме тиеді. Біздің музыкалық білім деңгей көтеріледі деген ойдамын. Керемет, таңғажайып туындыларды жоғары бағалайтындар қатары толығады деп ойлаймын. Ең басты айтатын нәрсем, адам вокалмен айналысқанда ең бірінші бір нәрсені түсінуі керек: ол талантты болуы. Чайковский айтқандай: «1 пайыз талант, 99 пайыз еңбек» керек. Менің ұстазымның басты ұраны: инемен құдық қазғандай еңбек ету. Дәл осы екі ұстаным мен үшін өте маңызды”, –  дейді әртіс Забирова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары