$ 441.66  475.14  4.86

Димаш Киевте берген концертінің жазбасын YouTubе каналында жариялайды (ВИДЕО)

Жақында Димаш Құдайбергеннің пандемияға туралы жаңа бейнебаяны жарық көрген.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Қазақ әнін көптеген елдің сахнасында шырқап жүрген әнші Димаш Құдайберген 11 наурыз күні «ARNAU» әлемдік турнесінің аясында Киевте өткен концертінің жазбасын көрсетеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ел мақтанышы бұл жайлы Instagram парақшасы арқылы хабарлайды.

"Армысыздар, құрметті тыңдармандарым!

26 сәуірде, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 21:00-де менің YouTube каналымда уәде еткенімдей «ARNAU» әлемдік турне аясында Киев қаласында өткен концертімнің видеосы жария етіледі", - деп жазды әнші.

Естеріңізге сала кетейік, жақында «We are one»: Димаш Құдайбергеннің пандемияға туралы жаңа бейнебаяны жарық көргендігі туралы хабарлаған едік. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары