$ 494.87  520.65  4.91

«Kesh you» тобының бұрынғы мүшесі «ағашкалардан» тоқал болуға ұсыныс түскенін мойындады

Ең қызығы, кезінде ол Айдана Меденованың орнына ән айтып берген екен.
фото: stan.kz
фото: stan.kz

Атышулы "Kesh you" тобының экс-мүшесі Балжан Бидаш өзіне "тоқал бол" деп ұсыныс жасағандар болғанын айтты. Бұл жайлы Skifnews.kz ақпарат порталы, "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Карантин кезінде ауылға барып, таза ауада демалып жатқан әнші 5 килограмм салмақ қосыпты және ол толысып кетуден қорыұпайды екен. Әнші жеке өміріндегі болып жатқан жаңалықтарды да жасырып қалмады. Айтуынша, Балжан таяуда ғана Тараз қаласындағы болашақ жарының үйіне барып қайтқан.

Оған қоса, ол қатал продюсердің қарамағындағы қыздарға тұрмысқа шықпау жөнінде талап қойғанын әрі ол шартты бұзса қанша мөлшерде айыппұл салынатыны көзделгенін жария қылды.

 "Бұрындары Баян Алагөзова қоластындағы қыздарға келісімшарт бойынша тұрмысқа шығуға болмайтынын жиі айтушы еді. Сол шартты бұзған жағдайда қыздар айыппұл ретінде қанша ақша төлеуге тиіс еді?" деген жүргізушінің сұрағына: "Енді келісімшарт бойынша 13-15 миллион деп жазылған екен. Шынымды айтсам, ол келісімшартты өзім оқыған жоқпын. Үйдегі ата-анама берген болатынмын. Айтылуы солай болған. Баян Мақсатқызы қанша қатал болып көрінгенмен, жүрегі жұмсақ. Ондай нәрсе істейді деп ойламаймын. Бірақ кішігірім айыппұл салған көрінеді. Солай естідім", - деп кімге айыппұл салғанын жасырын қалдырды. 

Тұрмысқа шыққалы жүрген өнер адам осы уақытқа дейін сахналас жігіттермен жақын қарым-қатынас құрмауға тырысып баққан.

"Мен шоу-бизнестегі жігіттермен махаббат тұрғысында арақатынас құрмауға әрқашан тырысатынмын. Мен өзім жолдасымның әнші не әртіс болғанын қаламайтынмын. Бірақ болашақ жұбайым шоу-бизнес әлемінен алыс емес", - деді Балжан Бидаш.

Оған қоса, тележүргізушінің "Ағашкалар тарапынан тоқал болуға ұсыныс түсті ме?" дегенде "Болды" деп күлді.  Сұхбат барысында "Kesh you" тобының мүшесі болған кезінде Жұлдыз Өмірғали, Элизат секілді әріптестерімен жиі ұрысып қалған мойындады. Ең қызығы, кезінде ол Айдана Меденованың орнына ән айтып берген екен. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары