$ 448.15  483.46  4.86

Қытайлық жанкүйерлері Димаштың туған күні құрметіне 3 мыңға жуық ағаш отырғызды

Еске сала кетсек, Димаш Құдайберген 1994 жылы 24 мамыр күні Ақтөбе қаласында дүниеге келген.

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген 24 мамыр күні 26 жасқа толады. Осыған орай, әншінің қытайлық фан-клубы өз елдерінің солтүстік-батысындағы шөл дала шекарасында «Димаш» атты 2780 ағаш отырғызған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

«Димаш Құдайбергеннің 26 жасына арнайы сыйлық. Dears Қытайдың солтүстік-батысындағы шөл даланың маңына құмды тоқтату және желдің әсерін азайту, сондай-ақ, қоршаған ортаны жақсарту үшін «Димаш» атты 2780 ағаш екті», - деп хабарлады фан-клуб.

Еске сала кетсек, Димаш Құдайберген 1994 жылы 24 мамыр күні Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Оның ата-анасы – елге танымал әншілер Қанат-Света Айтбаевтар.

Ал дүниежүзін ғажайып даусымен таңдай қақтырып жүрген Димаш ән айтып қана қоймай, футболды да жақсы ойнайды. Мәселен, желіде өнер иесінің бір орында тұрып, допты жерге түсірмей теуіп жатқан сәтінен видео тарады. Өзін жаңа қырынан танытқан талантқа жұрт сүйсініп, оның қабілетін жоғары бағалаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары