$ 498.34  519.72  4.85

«Менің әлемім қирап қалды»: Алагөзовтың экс-әйелі жан күйзелісі жайлы айтты (ВИДЕО)

Менің ештеңе жасағым келмеді.

Отандық шоу бизнес өкілі, продюсер Баян Алагөзованың жолдасы Тұрсын Алагөзовтың бірінші жары Ляйсира Марат алғаш рет сұхбат берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Oinet.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл жайында "Честная жизнь" бағдарламасына айтылды.

Ұзақ уақыт бойы үнсіздік танытып келген Ляйсира Марат экс-күйеуі Баянмен кеткеннен кейін қалай өмір сүргенін айтып берді. Тұрсын Алагөзовтің бұрынғы жары алғаш рет ашық сұхбат беріп, өзінің жан сырын ақтарды. Ол жолдасының опасыздығын тым ауыр қабылдағанын және біраз күн бойы өкіріп жылағанын жасырмай айтты.

"Ол кетіп қалғаннан кейін өмірімде үлкен қайғы орын алды. Менің әлемім қирап қалды. Бәрі үзілді. Менде бәрі "ешқашан" деген сөзге келіп тірелді. Енді бәрі бұрынғыдай болмайтынын түсіндім. Жексенбілік таңғы астарымыз енді ешқашан қайталанбайтынын білдім. Ал қайғы болса оны жоқтағанды қалайды. Мен жоқтадым. Ұзақ қайғырдым. Мен көп жыладым, шелектеп жыладым десем де болады" , - деді кәсіпкер әйел.  

Ляйсира Марат басынан өткен ауыр жағдайды отбасының арқасында еңсеріп шыққанын жасырмады.  

"Отбасым болмағанда мен құритын едім. Күйзелістен шыға алмас едім. Менің ештеңе жасағым келмеді. Орнымнан тұрмай, жата бердім. Бірінші анам келіп, шапалақ беріп мені сол күйімнен оятуға тырысты. Алайда, ол көмектеспеді. Мен толығымен қайғырып болуым керек болды" , - деді ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары