Кезекті кинокартинада басты рөлді сомдайтын Баян Алагөзова жолдасынан кино-күйеуіне қатысты ойын сұрады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Продюсердің айтуы бойынша, ол тұрмыстағы келіншектің рөлін сомдайды. Кино-күйеуі ретінде Жан Байжанбаев таңдалған. Осы тұрғыда Мақсатқызы Тұрсын Алагөзовтен рөліне қатысты пікір білдіруді сұрады. Ол күйеуінің қызғанышы бар-жоғын тексергісі келгенге ұқсайды.
"-Жан Байжанбаев кинода мені жолдасым болады. Сенің осы тұрғыда көзқарасыңды білейін дегем.
- Турасын айтайын ба, әлде жалпылама пікірім маңызды ма? Шынына келсек, ол сенің талғамыңдағы азамат емес.
- Жаныыым, менің талғамымдағы ер адам - тек өзіңсің!
- Сол үшін де сенімді айтып отырмын ғой".
Баян Алагөзованың Instagram-парақшасына жүктелген видеодағы диалог осылай өрбиді.
Желі қолданушыларының көпшілігі оның жарына сүйіспіншілікпен қарап жатса, кейбірі "қызғанышы - көзінде" деп топшылап жатыр.
"Хейтерлар, мәңгі шалқып өмір сүретіңізге кім кепіл?!", "Сенен басқа ешкімде бай жоқ сияқты", "Іштей қызғанып отыр ғой, түрінен көрініп тұр", "Еркегі ез екен", "Бақытты болыңыздар" т.с.с, - деп жазуда олар.