17.06.2020, 05:45

Айқын Төлепберген коронавирусқа сенбейтіндерге үндеу жасады

Фото: qamshy.kz
Достарым, таныстарып ауыра бастады.

Қазақстанның белгілі әншісі Айқын Төлепберген коронавирусқа сенбейтіндерге үндеу жасады Skifnews.kz ақпарат порталы qamshy.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы ол Іnstagram парақшасында жазды. 

"Басында мен де күмәнмен қарадым. Достарым, таныстарып ауыра бастады. Ауруханаларда орын жоқ. Дистанция сақтаңыздар", – деп жазды әнші.

Ол өз сөзінде Нұр-Сұлтандағы досының ата-анасы коронавирус инфекциясын жұқтырғанын және үш-төрт күн дене қызуы көтеріліп, жөтеле бастағанын атап айтты.