Джиган мен Оксана сынды, қайта қосылған отандық жұлдыздар да жетерлік. Мәселен, кезінде Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейітмағамбет ажырасып кеткен еді. Жұлдызды жұптың араларына сыза түсуіне не себеп болды?
Ақбота Сейітмағамбет пен Дәурен Айдарқұлов бүгінде үлгілі отбасы. Еске салсақ, жұлдызды жұп түрлі қиындықты бастан кешкен еді. Алғашында көпшіліктің сынына қалған Айдарқұловтар, ажырасуға арыз жазуға да бекінген. Ақбота түсініспеушіліктің туындауына өзінің де кінәсі бар екенін мойындайды.
"Мен енді шамалы еркелеп, қырсықтанып, жауабымды айтпай жүрген болатынмын. Енді ортақ баламыз болған соң, елге күлкі болмайық дедік те, екеумізде осы шешімге бел будық", - деді әнші Ақбота Сейітмағамбет.
Индира Расылхан да кезінде өзінің күйеуі Асқар Ордабекпен ат құйрығын үзіскен-ді. Нақтырақ айтсақ, өнер иесі осыдан 5 жыл бұрын жарымен қош айтысқан. «Отбасымның шырқын бұзған шығармашылығым», - деген Индира бүгінде күйеуімен бірге.
"Өнер үшін кішкене отбасымды шамалы уақытқа құрбан етіп отырмын деп айтсам да болады", - деді әнші Индира Расылхан.
Есесіне бүгінде Индира әлеуметтік желі арқылы күйеуіне деген құрметі мен махаббатын жиі білдіріп тұрады. Әнші тіпті трендтен қалмай жарымен тик-ток түсіріп көпшілікті тәнті етуде. Тіпті, өнер иесі бұрынғы келіспеушілікті еске алғысы келмейді.
"Ол нәрсені ойласам көзіме кәдімгідей жас келеді ғой", - деді ол.
Еске салсақ, Алтынай Жорабаева да Сәбит Әбдіхалықовпен бір рет айрылысып қайта қосылған-ды. Алайда төрт бірдей қызы бар жұлдызды жұп біраз уақыттан кейін ат құйырғын түбегейлі үзіп отыр.