21.06.2020, 04:57

Димашқа америкалық продюсерлік агенттік құда түсті

фото: newsroom.kz
Бұл ақпарат алаңында жұлдыздардың мүддесін қорғайтын агенттік болып есептеледі.

Димаш Құдайберген америкалық IPZ лейблімен келісімшартқа отырды. Бұл ақпаратпен әншінің өзі Instagram парақшасында бөлісті, деп хабарлайды newsroom.kz

Аталмыш дерек көзінің жазуынша, әншінің өзі «Маусымда АҚШ-та – Нью-Джерсиде 26 жастағы қазақ әншісі, композитор, көп музыкалық аспапта ойнау шебері, ерекше вокалымен танымал Димаш Құдайберген IPZ компаниясымен келісімшартқа отырды», -  деген жазба жариялаған.

Сондай-ақ, ол жазбада «Димаш – Америка Құрама Штаттарында танымал бола бастаған талантты әнші. Оның өз мансабын кеңейтуге үлкен мүмкіндіктері бар және ол әлемдік брендтер үшін активке айналады», - деген IPZ басқарушы серіктесі Роберт Зитоның пікірі қоса беріліпті. 

IPZ – шоу-бизнес пен спорт саласындағы медиа адамдарға кеңес беруге бағытталған америкалық лейбл. Олар ақпарат алаңында жұлдыздардың мүддесін қорғайтын агенттік болып есептеледі.