$ 498.34  519.72  4.85

«Ешкімді аяп жатқан жоқ»: Мәдина Сәдуақасова нағыз өнер адамына не керек екенін айтты (ФОТО)

Біреу жеңіл түрде ауырса, біреуінің ағзасы көтермей жатыр!
фото: stan.kz
фото: stan.kz

"Жүрегіме бағынбаймын" деп әндетіп жүрген Мәдина Сәдуақасова енді карантин ережелеріне бағынуға мәжбүр. Ол тіпті, көрермендер беретін гүл шоқтарын, автограф жазатын сәттерін қатты сағынып қалыпты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сахнада еркелеп жүргенінде карантинге байланысты жұмысы сәл саябырсып қалған әнші көпшілікті коронавирустан сақ болуға шығарды. Сондай-ақ жақсылықты бағалай білетін шығармашылық адамы елдегі эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, телеконцерт ұйымдастырып, әншілерді халықпен қауыштырған телеарна мамандарына алғыс жаудырды.

"Көрерменсіз концерт концерт па?! Адамдардың энергетикасы, күлімдеп тұрған көздері, эмоциялары, әніңе қосылып ән шырқайды, сыйлаған гүл шоқтары, шапалақтары. Концерттен кейін шығып бәрімен сүретке түсесің, арасында сұрақтарға жауап бересің, автограф жазып бересің, тілектерді "өлтіріп, қалжыңдасасың! Осы ғой нағыз өнер адамына керегі!

Ал қазір карантинге бағынуымыз керек, өйткені, вирус бар! Ешкімді аяп жатқан жоқ, біреу жеңіл түрде ауырса, біреуінің ағзасы көтермей жатыр! Сақтанайық, абай болайық, ауырып жатқандарға емдері шипа болсын, жақсы күндер болады алдымызда, күтейік, сабыр сақтайық! Ал осындай телеконцерттердің ұйымдастырушыларына рақмет үлкен, телевидение арқылы болса да көрерменмен қауыштырып жатқандарыңыз үшін! Амандықта, саулықта, концерттерде жолығайық, ағайын", - деп жазды әнші Instagram парақшасында

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары