Отандық танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа елімізде орын алған жағдайға байланысты барша отандастарын аурудан сақтанып жүруге шақырды. Өнер иесінің өзі сырқаттанып қалған көрінеді. Себебі, ол дем сезбей, әлсіреп жүргенін айтып қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
Әбдіжаппар Әлқожа желідегі оқырмандарынан қазіргі таңда жүріп жатқан вирус пен тұмау атаулысына немқұрайлы қарамауын сұрады. Әнші оларға өздерінің және үйдегі егде жастағы адамдардың денсаулығын бақылуын өтінген. Ол Instagram парақшасында жазба қалдырып,бүгінде өзі де дем сезбей жүргенін айтты.
"Коронавирусын қайдам. Түсінбедім. Тұмауы шынымен екен. Дәм сезбей,көздің ішкі қуысы ауырып,әлсіреп жүрміз. Сақтанып жүріңіздер. Иммунитеттеріңізді жоғары қылуға тырысыңыздар. Диета, дұрыс тамақтану деген қазір керек емес екен. Үйдегі үлкендерге қараңыздаршы. Ол кісілерге қатты тиеді екен мына тұмау. Алла халқымызды аурудан сақтасын", - деп жазды ол.