04.07.2020, 04:25

«Жалғыз жатқан біртүрлі екен»: Айқын Төлепбергеннің жары сырын айтамын деп сынға ұшырады

Оқырмандар «Оңбаған, жалғыз жатқан біртүрлі дейді ғой, қалай екен?», «Біреудің күйеуін тартып алдың, сен де оны жалғызсыратып» дегендей пікірлер жазуда.

Әлемді жаулаған індет біздің жұлдыздардан да айналып өтпеді. Әнші Айқын Төлепберген вирус жұқтырып алды. Қазіргі таңда ауруханада ем қабылдауда, деп жазады Caravan.kz.

Айқынның жары Жұлдыз Өмірғали Instagram әлеуметтік желісінде оқырмандарының сұрағына жауап берді және бір сұраққа атүсті жауап берген.

Желідегі оқырманның «Айқын ағаны сағындыңыз ба?» деген сұрағына: «Иә, сағындым. Тіпті, түнде бір жылап алдым. Түнде жалғаз жатқан біртүрлі екен. Ешкімге тілемеймін», - деп жауап беріп, біраз сынға қалды.

Кейбір оқырмандар «Жазылып кетсін», «Ауырмаңдар», «Уайымдама, келеді ғой» десе, енді біреулер «Оңбаған, жалғыз жатқан біртүрлі дейді ғой, қалай екен?», «Біреудің күйеуін тартып алдың, сен де оны жалғызсыратып», «Жұлдыз, сізге не болған?», «Жалғыз жатпай жүр ме едің?», «Күндіз-түні қасыңда сияқты айттың ғой» деп пікір қалдырды.

Иә, «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі» демекші, Жұлдыздың да ойында ештеңе жоқ айта салғаны шығар. Дегенмен, елдің алдында жүрген адам мың ойланып сөйлегені дұрыс болар.