$ 494.87  520.65  4.91

«Ойбуууй, мынау не мазақ?!»: Алтынай Жорабаева отшашуды ұйымдастырғандарға шүйлікті

Бәрібір, салют жаман ырым деп ойлаймын.
Фото: newsrooms
Фото: newsrooms

Әнші Алтынай Жорабаева пандемия кезінде Нұр-Сұлтанда өткен отшашуға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алтынай Жорабаева отшашуды не себепті ұйымдастырғанын түсіндірген билік өкілдеріне шүйлікті. Әнші Instagram желісінде жазба жариялап, бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Ойбууууууй, мынау не мазақ?! Ақталғандарының түрі ме? 1-сыныптың баласына айтып отырғандай. Сол дәрігерлерге шын жандарың ашыса, осы кеткен миллиардтарды премия ретінде беретін едіңдер ғой ! Осыған ақша бөлгенсіп, сол жерден ақша жеу ғой, негізі.

Өз басым отшашу дегеннен кішкентайымнан қорқамын. Кәдімгі бір соғыс болып жатқандай естіледі ғой, Алла сақтасын. Жорабай атам соғысқа барған кездерін, қаншама бомбадан Алла сақтап, аман қалғанын айтып беретін. Содан соғыс туралы киноларды көріп, атамның айтып бергені көз алдыма елестеп, сондай қорқыныш қалып қалған. Студент кезімде, 31 желтоқсан күні, кешке құдашам алаңға барайықшы деп. Қорқамын деп айтуға ұялдым.

Сол қорқынышымды мүмкін жеңетін шығармын деп , тәуекел деп алаңға бардық . Құдайдың құдыреті , біреудің қолыңдағы атып жатқанының ұшқыны менің шашыма тиіп, шашым өртене бастады. Әйтеуір қолыммен сабалап, Алла сақтап өшірдік. Бәрібір , салют жаман ырым деп ойлаймын" , - деп жазды әнші. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары