11.07.2020, 16:10

Атышулы Дәурен мен Ақбота ақыры ажыраспақ (ФОТО)

фото: 365info.kz
Қолымыздан келгенше, отбасымызды сақтап қалуға тырыстық.

Атышулы әнші Ақбота Сейтмағанбет пен актер Дәурен Айдарқұлов ақыры ажырасуға білек сыбанып кіріскелі отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл жайлы актер instagram парақшасында хабарлады. Дегенмен, ажырасу туралы неліктен шешім қабылдағанын тіс жарып айтпады.

"Осыдан төрт жыл бұрын "Гламур для дур" фильмінің түсірілімі кезінде Ақботамен танысуым - өміріме үлкен өзгеріс әкелді. Өкінішке орай, міне сол сәттен 4 жыл өткен кезде біздің қарым-қатынасымызға нүкте қойылды. Біз ажырасамыз. Ажырасу себебін айтуды ойламадық. Қолымыздан келгенше, отбасымызды сақтап қалуға тырыстық.  Бір-бірімізге деген құрметімізді, сыйластығымызды сақтай отырып, ажыраспақшымыз. Аллаға Ибрахим, Айша және Бота үшін рақмет! Бастысы - ауырмаңыздар!", - деп жазды ол.