Танымал әнші Мәдина Сәдуақасова жақында дүниеден өткен композитор Кеңес Дүйсекеевті есіне алды. Композитор туралы естелік жазып, көпшіліктің жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мәдинаның айтуынша, Кеңес Дүйсекеев оны туған қызындай жақсы көріп, қолдау білдірген екен.
"Кеңес ағатайым мені қызындай жақсы көрді. Демеп, қолдап жүрді. Екеуміз өте күшті әңгімелесетінбіз. Арасында ұрысып алатын кездер де болатын. "Қайдағы әндерді айтып кететінің не?!" деп , туған күніме "Туған жер" деген әнді сыйға тартты.
1999 жылы Сізбен қалай таныстым, содан бері байланысымды үзбедім, хабарласып, жай дауысыңызды естігім келіп, жағдайыңызды білгім келіп ... Кең жүректі, шынайы мінезді, нағыз өнер жанашыры Кеңес ағам, Маэстро... әлі күнге сенбеймін Сіздің жоқтығыңызға... Амал бар ма?", - деп жазды әнші.
Естеріңізге сала кетсек, біз бұған дейін талай әндердің жүрегінен жеткен әндердің авторы Кеңес Дүйсекеевтің қайтыс болғаны жайлы хабарлаған едік.