$ 449.58  486.94  4.86

«Жұлдызға жараспайды екен...»: Қайрат Нұртастың әйелі де төсек қатынасын сөз ете бастады (ВИДЕО)

Жұрт «топас бағдарламаның» түкке керегі жоқтығын, оны бірден жауып тастау керектігін айтып, дабыл қағуда және шынайы екеніне де күмән келтірушілер көп.

Әнші Қайрат Нұртастың 10 жылдан кейін бой көрсеткен жары Жұлдыз Әбдікәрімова да түрлі бағдарламалар жүргізіп, өзін тележүргізушілік қырынан танытуда, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы, ernur.kz-ке сілтеме жасай отырып.

4 баланың анасы Жұлдыз соңғы кездері еліміздегі басты арналардың бірінде «Неке сыры» бағдарламасын жүргізуді қолға алды. Алайда, оның кезекті бағдарламасы халықтың қатал сынына ұшырады. Атап айтқанда, көпшіліктің алдында ерлі-зайыптылар арасындағы төсек қатынасының ашық түрде талқылануы көпшіліктің ашуына тиген.

Жұрт «топас бағдарламаның» түкке керегі жоқтығын, оны бірден жауып тастау керектігін айтып, дабыл қағуда және шынайы екеніне де күмән келтірушілер көп. Сондай-ақ, көпшілік әнші жарының жүргізушілік қабілетінің төмен екенін де жазып жатыр.

Бағдарламаның қысқаша мазмұны мынадай: ерлі-зайыпты жастардың отасқанына біраз жыл болған. Келіншегі күйеуінің өзіне жоламай, төсек қатынасына түспей жүргеніне наразы.

«Жабылсын, мына топас бағдарлама? Қазақты мазақ етуді тағы бастадыңдар ма?», «Ойбай, енді тұратын-тұрмайтынды, қосылған-қосылмағанды шығаратын болдыңдар ма?», «Тағы не қалды көрсетілмеген?», «Қайын әпкесі келгенше сеніп отыр едім, қайын әпкесі келгесін спектакль сияқты болып кетті. Сөздері жасанды болып кетті», «Жұлдыз, өте ұят, ата-енең қалай рұқсат берді екен, мынадай бағдарламаны жүргізуге?», «Мынау театр ғой, досы мен қайын апасы, күйеуі үшеуі жасанды», «Вирустан қорқып жүрсек, мыналар дене мүшесімен алысқаны несі?», «Жұлдызға жараспайды екен жүргізуші болу», «Мына ханым түк жүргізе алмайды, мәні жоқ программа. Біреудің отбасының арасына түспей-ақ (өздері шешіп алады), одан гөрі өзекті тақырып талқыласа жақсы болатын еді. Мынауың қазақтарға жат нәрсе емес пе?!.» деп жазуда оқырмандар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары