$ 494.87  520.65  4.91

Роза Рымбаеваның атын жамылғандар халыққа 7500 теңге таратуға уәде еткен

Ол үшін желі қолданушылары аккаунтқа жазылып, жазбадағы комментарийде жеке мәліметін қалдыруы керек болған.

Алаяқтар Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның атын пайдаланып, ақша "таратқаны" белгілі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алаяқтар әншінің атынан челлендж өткізіп, 7500 теңге таратылатынын айтқан.

Олар Instаgram желісіндегі аккаунтқа алғаш тіркелген 900 қазақстандыққа 7500 теңге берілетінін хабарлаған. Ол үшін желі қолданушылары аккаунтқа жазылып, жазбадағы комментарийде жеке мәліметін қалдыруы керек болған.

Роза Рымбаеваның ұлы Әли Окапов бұл ақпаратты жоққа шығарып, отбасының бұл шараға қатысы жоқ екенін жеткізді. 

"Бұл фейк. Оған алданбаңыздар. Осы жолы алаяқтар анамның атын пайдаланып жатыр. @roza_rymbaeva_komek @roza_rymbaeva_darit_10milion - мұның барлығы жалған", - деді Әли Окапов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары