$ 494.87  520.65  4.91

«Өз денсаулығыма алаңдаймын»: Ләйлә Сұлтанқызы вакцина салдыруға қатысты мәлімдеме жасады

Австралияның болсын, Ресейдің болсын вакцинасын салдыруға қорқамын.
фото: stan.kz
фото: stan.kz

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы ана ретінде ұлдарының денсаулығына алаңдайтынын жеткізді. Сондай-ақ коронавирусқа қарсы жарты жылдан кейін шығатын "вакцинаны әбден зерттеп барып, балаларыма салдырамын" деп отыр. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, тележүргізушінің instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ақпарат өкілінің пайымдауынша,  әр адам вакцинаны салдырар кезде егжей-тегжейлі зерттеу, іздену керек көрінеді. Мәселен, Ләйлә Сұлтанқызының өзі бұдан біршама уақыт бұрын балаларына екпе салдырарда солай істеген екен.

"Вакцина жайлы жазбаның астына бір оқырман: "Әуелі неге өз пікіріңмен бөліспейсің", - деп ұрысып алыпты. 2007-2009 жылдары жоспарлы түрде ұлдарыммен барлық #прививканы алдық. Оның ішінде, ОРВИ-ға қарсы егу де болды. Мен де ана ретінде, адам ретінде уайымдадым, қорықтым.

Біраз зерттедім. Барлығының құрамын қарап, әр қоспаның әсері жайлы оқып шықтым. Егжей-тегжейлі біліп қана, екі ұлыма да егуді жасаттым.

Мұнымен не айтқым келеді?! Иә, мен де барлығы сияқты өз денсаулығыма алаңдаймын. Австралияның болсын, Ресейдің болсын вакцинасын салдыруға қорқамын.

Мысалы, бүгін ғана ДДСҰ (ВОЗ) сапалы вакцинаның жарты жылдан кейін ғана шығатынын айтты. Кеше басталған вакцинаға сенімсіздікпен қараймын, жарты жылдан соң шығатын вакцинаны салдырамын. Бірақ, зерттеп, көзімді жеткізіп қана", - деп жазды ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары