Мәдениет & Шоубиз 14.08.2020 сағат 05:50

Ninety One тобының әншісі топтағы өзгеріске қатысты пікір білдірді

Топтың тыңдармандары инстаграмдағы ресми ақпараттан кейін ешбір жауап қатпаған жігіттердің қайта байланысқа шыққанына дәл қазір дән риза.
Ninety One тобының әншісі топтағы өзгеріске қатысты пікір білдірді
Фото: massaget.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Осыдан бір апта бұрын Ninety One тобы ел күтпеген мәлімдеме жасаған еді. Аталған ұжымның инстаграм парақшасында топ мүшесі A.Z лақап атымен танымал Азамат Зенкаевтың жобадағы жұмысын тоқтатқаны туралы ресми ақпарат жазылды. Бірақ, нақты себебін айтпаған. Күні кеше бойзбендтің солисі Alem әлеуметтік желі арқылы топ құрамындағы өзгеріске байланысты алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz.

«Бәріңізге сәлем! Өкінішке орай осындай жағдай, осындай шешімдер қабылданды. Бірінші рет эфирге шығып жатырмын. Себебі, іштей мен бұл тақырып туралы пікір білдіруге дайын емеспін. Бұл жағдайдың барлығын толықтай түсініп алған соң, оймен бөлісе жатармыз. Бұл шешім негізі тез арада, бір-екі күнде қабылданған жоқ. Ұзақ созылған жағдай. Біраз ортаға салып талқыладық. Өкінішке орай, шешімдер осы. Балалар да мүмкін өз сезімдерін айтар. Бірақ әзірге осы. Біз сіздерді жақсы көреміз», - деді Ninety One тобының әншісі Alem

Ninety One тобының тыңдармандары инстаграмдағы ресми ақпараттан кейін ешбір жауап қатпаған жігіттердің қайта байланысқа шыққанына дәл қазір дән риза. Олар әлеуметтік желі арқылы ұжымға қолдау көрсететіндерін жарыса жазып жатыр. 

«Шамалы болса да жұбатқандай болды. Осындай кезде байланысқа шыққаны жақсы болды», «Топта төртеу болғанымен, жүректе бесеусіңдер», «Қайсы біріне де оңайға соққан жоқ. Әрине, не болса да қолдаймыз», - деп пікір білдіруде топ жанкүйерлері.   

Айта кетейік, атышуы Ninety One отандық шоу-бизнестің көшіне 2015 жылы қосылған. Сондай-ақ, бұл бойзбенд Қазақстан эстрадасында q-pop субмәдениетінің іргетасын қалаған алғашқы ұжым. Таяуда ғана ұжымның көшбасшысымен қоштасқан олар, Азамат Зенкаевтың орнын ешкім алмастырмайтынын айтты. Осы уақыт дейін бестік ретінде танылған топтың құрамы бұдан былай төрт жігіттен тұрады. Олар – Zaq, ACE, Alem және Bala!    

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар