$ 494.87  520.65  4.91

Әнші Төреғали қарындасы Фаризаның ұзату тойын дүркіретіп өткізді (ВИДЕО)

Мерекелік шарада Төреғали Төреәлі мен оның өнердегі достары Нұрболат Абдуллин мен Әбдіжаппар Әлқожа да өнер көрсетті. Олар жас жұбайлардың құрметіне ән шырқады.
Фото: instagram.com/nortayevjj
Фото: instagram.com/nortayevjj

Қазақ эстрадасының жұлдызы Төреғали Төреәлі сүйікті қарындасын қолдан ұзатып, үйінде үлкен той жасады. Жас жұбайлардың қуанышы артынан мейрамханада жалғасын тапқан. Жұлдызды әулеттің ет-жақындары жиылған мерекелік кеште өнер жұлдыздары да бой көрсетті деп жазады kaz.nur.kz.

Фариза Төреғалидің ұзатылғаны туралы сахна дүлділі Мақпал Жүнісованың Instagram парақшасында жариялаған видеоларынан белгілі болды. Өнер иесі мерекелік кештің ерекше сәттерімен өз оқырмандарымен бөлісуді жөн көрген. Оның жазбасына сәйкес, атаулы шара Төлеповтер әулетінің шаңырағында өткен. Жүнісованың бейнежазбаларынан той қонақтарының үй ішінде бидің түбін түсіріп жатқанын көруге болады.

"17 наурызда үйге кіріп, кеше Төреғали бауырымның туған қарындасы Фариза қызымыздың ұзату тойында болып қайттым. Екі жас бақытты болсын, махаббаттары мәңгілік болсын" , - деп жазды ол.

Оған қоса, той иелері белгілі әншіге норка кигізіп, құдайы қонақ қылған. Ұзатуды үйде өткізгенімен жұлдызды жанұя үлкен тойды Алматының аса қымбат мейрамханаларының бірінде тойлағанға ұқсайды. Оған желіде тарап кеткен видеолар дәлел болмақ.

Онда жас жұбайлардың ата-аналары мен жақындары бас қосып, оларға өз тілектерін жаудырған. Мерекелік шарада Төреғали Төреәлі мен оның өнердегі достары Нұрболат Абдуллин мен Әбдіжаппар Әлқожа да өнер көрсетті. Олар жас жұбайлардың құрметіне ән шырқады.

Айта кетейік, Фариза Төреәлі мен Дархан Нортаевтың үйлену тойы көктемде жоспарланып, карантин кесірінен өз уақытында өтпей қалған болатын. Алайда, жас жұбайлар той-думансыз-ақ некелерін шариғат бойынша және АХАЖ бөлімінде де қидырып тастады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары