24.08.2020, 11:20

«Әншілерге тосқауыл жоқ па осы?»: Мақпал Жүнісова Ақжол Мейірбековпен құда болды (ВИДЕО)

фото: видеодан скриншот
Осы орайда, елдің еркесі "естіген құлақ есебін бергені дұрыс" деп есептеді ме, кім білсін, сұрақ қойған оқырмандарына ерінбей жауап берді.

Мақпал Жүнісова туған сіңлісінің қызы Фаризаны қолынан ұстап, ұзатты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Халық әртісінің қызды ұзатарда Ерғали Көшербаевтың "Аппағым" деген әнін орындаған. Әншінің орындауындағы бұл әнді желі арқылы естіген тыңдармандар, оның даусына риза болып жатыр. Мәселен олар, "Мақпал әнді жүрекке жеткізіп айтады ғой" деп пікір білдіруде.

Мақпал Жүнісованың  тойдан үзінде ретінде желіге видео салғанын көрген көпшілік: "Кімнің әні, дәл қазіргі көңіл-күйді білдіреді", "Бағы ашылсын, судай сіңіп, балдай батсын", "Құдалығыңыз мыңжылдық болсын", - деп жазды. 

Осы орайда, қуанышқа ортақтасып, жылы лебізін білдіргенгенден бөлек, "Карантинде той жасай беретін болды ғой", "Әншілерге тосқауыл жоқ па осы?", "Ақжол ағаға сіңліңіз келін болды ма?", - деп те кейістік танытқандар да табыла кетті.

Осы орайда, елдің еркесі "естіген құлақ есебін бергені дұрыс" деп есептеді ме, кім білсін, сұрақ қойған оқырмандарына ерінбей жауап берді. 

"Бұл - туған сіңлімнің қызы. Есімі - Фариза. Фариза апамыздай болсын деп атын өзім қойған едім. Бүгін ұзаттым. Шағын ғана той жасадық. 30 адам ғана болды. Екі жақтан 15 адам ғана келді. Әннің атауы "Аппағым" деп аталады Тілектеріңізге рақмет, айтқандарыңыз келсін!", - деп жазды әнші.

Ал белгілі әнші Ақжол Мейірбеков болса, "Бүгін таңғаларлық жайт! Алланың сынағынан кейін, ұзақ уақыттан соң қуанышты күн! Мақпал Жүнісовамен құда болып жатырмыз" деді.