$ 447.4  477.55  4.76

Димаштың шығармашылығына арналған радио Чилиден де ашылды (ФОТО)

Әр жұма сайын, Чилидің жергілікті уақытымен 22.00-де «DEARMASH FM» радиосында Димаш Құдайбергеннің орындауындағы әндермен бірге арнайы бағдарлама ұсынылады.
фото: sputniknews.kz
фото: sputniknews.kz

Чилиде «DEARMASH FM» тәулік бойғы интернет-радио жұмыс істей бастады. Радио толқынында аптаның 7 күнінде Димаш Құдайбергеннің әндері шырқалады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

«Радиостанция Димаштың шығармашылығын, Қазақстанның мәдениетін насихаттау мақсатында ашылған. Интернет радионы Чили халқы ғана емес, барлық Латын Америкасы тыңдай алады. Радионың негізін қалаушы әрі директоры – Карлос Пачеко. Жұмысты жолға қойып, жоспарды жүзеге асыруға Мария Инес Санчес пен Вивиана Суньига да үлес қосты», - делінген ақпаратта.

Әр жұма сайын, Чилидің жергілікті уақытымен 22.00-де «DEARMASH FM» радиосында Димаш Құдайбергеннің орындауындағы әндермен бірге арнайы бағдарлама ұсынылады. Онда қазақстандық әншінің шығармашылық жолы, Қазақстан туралы мәліметтер беріледі.

Тағы оқи отырыңыз: Польша мемлекетінде «Димаш» радиосы ашылды

1-інші және 2-інші бағдарламалар: «The singer»; 3-інші бағдарлама: «Димаш және Игорь Крутой»; 4-інші және 5-інші бағдарламалар: «Казақстан». Бұл радиобағдарламаларды тұрақты түрде трансляциялауға Димаштың Оңтүстік Америкадағы жанкүйерлері құрған «DQ Alianza Sudamericana Official» тобы қолдау танытып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары