$ 494.87  520.65  4.91

«Денемнің бәріне жара қаптап кетті»: Ақбота Дәуренмен не үшін ажырасқанын түсіндірді

Әнші Ақбота өзіндей өрімдей қыздардың тағдыры ластанып, өзіндей қателік жасамауын қалайды.

Ақбота Сейтмағамбет Дәурен Айдарқұловпен біржола ажырасып кетті. Әңгіменің соңғы нүктесін қойған әнші енді  қосылмайтындарын ашып айтты. Оған өзіндік себептері бар. Жас әнші өзін кінәлаған көпшіліктен қолдау сұрады, себепсіз айыптамауға шақырды. 

"Дәурен өте талантты актер. Оның әзілдері, актерлік шеберлігі өте кәсіби түрде мықты десе болады. Ол шығармашылық жан. Қолынан бәрі келеді. Сөзге де шешен. Бірақ отбасында ер азамат ретінде көре алмадым. Мен үшін отбасында ер азамат әке, күйеу, отағасы болу керек. Бізде ондай болған жоқ. Менің Дәуренмен тұрған 4 жылымның жартысы жылаумен өтті. Бірақ маған қол көтерген емес. Мен кетіп қалып, қайтып келіп  жүрген адам емеспін. Орамал тағып, сәлем салып, келіндік міндетімді атқарып жүрдім. Үлкен ұлым туғаннан соң да бір рет ажырасып барып қосылғанбыз. Ол кезде туыстарым Дәуренмен қосылма деп ақыл айтты. Алайда мен баламды ойлап, қайта қосылдым. Дәурен өзі келді. Қазір сол жолы қателескенімді түсініп жүрмін. Одан кейін қызым өмірге келді. Жауапкершілік одан әрі күшейді. Дәурен менің көзіме шөп салса да кешірер едім, не істесе де кешірер едім. Бірақ шыдамның шегі жеткен соң кеттім", - деді әнші Жанар Айжановамен бірге "Тәтті шай" ішіп отырып.

Әнші Дәуреннің өзі күткендей лайық күйеу болмағанын айтты. 

"Бірінші әйелі көп ортаға түсті. Ұрыс көп болды. Менің күйзеліске түскендігім сонша, денемнің бәріне жара қаптап кетті. Жылап-жылап, қайта тұрып түсірілімдерге барып жүрдім. Шыдамым шегіне келгенде, екі баламды алып, боянып-сыланып, Дәуренге түсіндіріп айттым да кеттім. Онымен тұра алмайтынымды түсіндім. Одан әрі жынды болатынымды білдім. Жындыханадан құтылайын дедім. Дәуреннің әке-шешесі жақсы адамдар. Бірақ қандай болса да ене келінді қызындай көрмейді. Ұлынікі дұрыс емес болса да, соны жақтайды екен", - деді Ақбота. 

Әнші Ақбота өзіндей өрімдей қыздардың тағдыры ластанып, өзіндей қателік жасамауын қалайды. 

"Мені желіде көп айыптап жатады. Алдымен жағдайды түсінсе екен деймін. Мен секілді қыздары бар. Кімнің тағдыры қандай екенін білмейді. Қыздарға мен секілді алданып қалмасын, аңқау болмасын, құр сөзге сенбесін дегім келеді", - деді ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары