26.05.2016, 12:01

Астанада «Түркия-Қазақстан балаларының сурет көрмесі» өтеді

Халықаралық балаларды қорғау күні мен ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Түркияның Қазақстандағы елшілігі Астанада «Түркия-Қазақстан балалар сурет көрмесін» өткізуді қолға алып отыр.

Айтулы шара екі елдің арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға бағытталған. Көрмеге Қазақстан мен Түркия достығына арнап салынған 40 сурет қойылады.

Іс-шара 28 мамыр күні сағат 15:00-де «Хан Шатыр» ОССО-да өтеді.

Айта кетейік, іс-шара Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы мен Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TIKA) Астана өкілдігі ұйымдастырып отыр.