Австралиялық актер Хью Джекман жарнамаға тыр жалаңаш түсті, деп хабарлайды zakon.kz.
Оның видеосын Джекман Instagram-да жариялады.
Видеода актер компания өкілімен тыр жалаңаш сөйлесіп отырады. Ал аяғын оның үстелінің үстіне қойып қойған. Оның аяғында су жаңа етік.
"Біздің аяқ киімді киіп жүру үшін бүтіндей тыр жалаңаш шешініп тастағаныңыз үшін Сізге алғыс айтамыз! Бірақ біз Сізге киінюге тыйым салмаймыз және киініңіз деп үгіттегіміз келмейді", - дейді видеодағы компания өкілі.
Өз кезегінде актер: "Компания өзі айтты ғой, мен солай естідім, талап осындай: тек осы аяқ-киіммен ғана жүріңдер деген", - деп жатыр.