$ 449.58  486.94  4.86

Әнші Алтынай Жорабаева екінші күйеуімен түскен суретін көрсетті

Әнші сүйіктісі өзін жарнамалағанды ұнатпағанымен, алдағы уақытта танымалдылыққа көнуіне тура келетінін жазған. Соған қарағанда ерлі-зайыптылар жақында ортақ кәсіппен айналуға ниетті көрінеді.
Фото: Instagram/altynaizhorabayeva
Фото: Instagram/altynaizhorabayeva

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Алтынай Жорабаева әлеуметтік желідегі белсенділігін бәсеңдетіп,біраз уақытқа ел назарынан тыс қалып қойды. Көпбалалы әнші оқырмандары алдында барынша ақталып, көрінбей кетуінің себебін ашып айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алтынай Жорабаева отбасылық істерге байланысты ғаламтор кеңістігіне мүлдем уақыты болмағанын алға тартты. Өнер иесі өзінің желіден алыстап кетуінің себебін түсіндіріп қана қоймай, оқырмандарын Instagram парақшасында су жаңа фотомен қуантқан.

Суретте эстрада жұлдызы жолдасымен бірге тұрғанын көруге болады. Әнші сүйіктісі өзін жарнамалағанды ұнатпағанымен, алдағы уақытта танымалдылыққа көнуіне тура келетінін жазған. Соған қарағанда ерлі-зайыптылар жақында ортақ кәсіппен айналуға ниетті көрінеді.

"Қайырлы кеш инстаәлем. "Кейінгі кезде инстаға неге кірмей кеттіңіз деген сұрақтар көп келіп жүр дайректке. Себебі, жолдасыма жаңа жоба ұсынуда . Отбасылық бизнес. Келісім шарттарға отырудамыз. Алла бұйыртса аз уақыт қалды. Негізі Жәннатым (Ин Шаа Аллах) өзін жарнамалағанды ұнатпайды. Тіпті қарсы. Амал жоқ, көнеді енді" , - деген жазба қалдырды Алтынай Жорабаева. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары