20.10.2020, 10:20

«Балаңнан ұялмайсың ба?»: жас жігітпен құшақтасқан Айгүл Иманбаеваны жұрт сынап тастады (ВИДЕО)

Фото: видеоан скриншот
Желідегі оқырманы бейтаныс азаматты күйеу бала деп қабыласа, енді бірі сынға алып жатыр.

Айгүл Иманбаева бейтаныс жігітпен құшақтасты. Бұл әрекеті көпшілікке ұнамай қалды. Ол азаматтың кім екенін әншінің өзі түсіндіріп өтті, деп жазады Stan.kz.

Бұл туралы әнші желідегі парақшасында жазды.

"Көргім келеді" әнінің клипін түсірген кездегі үзінділер. Түсу керек болған актер Мұрат Бейсенбин таңертең түсірілім деген күні түнде белгілі себептермен келе алмайтынын айтты. Түнімен Баян Мақсатқызы актер іздеп, тренер Акбармен сөйлесіп, клипке түсуін өтінген. Сөйтіп аяқасты өзімнен кіші Акбар түсіп берді. Түсірілім деген негізі қызық. Неше дубль, күн, таң жұмыс жасайсын.

(мынау не? ұят емес пе? балаңнан ұялмайсың ба? Жасың келді ғой , не тәрбие мынау?) деген пікір жазбас үшін бұл видеоны тек өнер, актерлық ойын екенін түсініп қана қарай салыңыздар", - деп жазды әнші.

Желідегі оқырманы бейтаныс азаматты күйеу бала деп қабыласа, енді бірі сынға алып жатыр.