$ 494.87  520.65  4.91

Әнші Жасұлан Базарбаев қызына тізерлеп ұсыныс жасайтын жігіттерді сынап тастады (ВИДЕО)

Эстрада жұлдызы тізерлеп ұсыныс жасау тәсілі елімізге батыстан келіп жатқанын айтып, оны енгізуге қарсылығын білдірді.

Қазақстандық шоу-бизнесте өзіндік орны бар "Диета KZ" тобының мүшесі бүгінде сүйіктісіне ұсынысты тізерлеп отырып жасайтын жігіттердің көбейіп кеткеніне шүйлікті. Өнер иесі бұл даулы тақырыпқа қатысты өзінің жеке пікірін білдіріп, батыстың дәстүрін қазақ қоғамына енгізудің қажеті жоқ екенін кесіп айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жасұлан Базарбаев өзі кезінде сүйіктісіне ешқандай ұсыныс жасамағанын айтты. Белгілі болғандай, кездесіп жүрген қос ғашықты үйлендіруді екі жақтың ата-анасы өзара ақылдасып, шешіп тастаған.

"Диета KZ" әншісі қазіргі таңда жігіттер қауымы қыз баласының алдында тізесін бүгіп, сақина тарту етіп жататын оқиғаларға жиі куә бола бастағанын жасырмады. Бұл жайт өнер иесіне ұнамайтын болып шықты.

Эстрада жұлдызы тізерлеп ұсыныс жасау тәсілі елімізге батыстан келіп жатқанын айтып, оны енгізуге қарсылығын білдірді. Бұл туралы Жасұлан Базарбаев "Опмай-Опмай" бағдарламасына берген сұхбаты барысында айтты.

"Еркек адам негізі мінезді болу керек. Оны қыз балалардың көбісі жақсы көреді. Қабақ түйгенді, еркетік мінезі болғанын ұнатады. Менің жеке ойым, батыстың бір болмайтын салт-дәстүрін бізге енгізудің қажеті жоқ. Қазақтың өзіміздің ата-бабамыздың жолымен жүргеніміз абзал. Өйткені, біздің ата-бабаларымыздай білімді адамдар батысы болсын, шығысында болсын жоқ деп ойлаймын. Қазақтың ата-бабалары ілімді әрі білімді болған. Солардың даналығымен өскен халықпыз. Бізге өзгелердің түсінісіз салт-санасы керек емес" , - деп ашығын айтты Жасұлан Базарбаев. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары