$ 448.15  483.46  4.86

«Жеңуіміз мүмкін»: Айқын Төлепберген Боратты қалай жазалау керек екенін айтты

Әнші жеке адвокат арқылы сотқа арыз жазу керек деп түсіндірді. Заңы басқа елде заңды жұмыс істеу керек дегенді айтты.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

"Борат" фильмі қазақстандықтардың қай қайсысын болса да елең еткізбей қоймады. Мемлекеттік туды қорлады деп айыптағандар Боратты жан жақтан сынға алды. Әнші Айқын Төлепберген Саша Коэнді қалай жазалауға болатынын айтты.

Борат фильмі 2009 жылы жария етілгенде бүкіл қазақ өре түрегелді. Мемлекеттік тұрғыда тұсау болмады. Ел енді ұмыта бастағанда аталған фильмнің екінші бөлімі жарияланды. Қазақстандық өнер өкілдері жаппай наразылықтарын білдірды. Алматы жастары қарсылық танытып, АҚШ үкіметіне хат жазды. Алайда Америка билігі фильмнің мемлекеттік емес, жеке компания атынан түсірілгенін айта келе оған тосқауыл жоқ екенін ескертті. 

Осы ретте Айқын Төлепбергеннің өз айтары бар. 

"Борат бар қазақтың ашуын келтірді. Оған мемлекет тарапынан қарсылық нота жолдап, петиция ұйымдастырудың түк керегі жоқ. Америка - демократиялық ел. Оларда тосқауыл болмайды. Заң жүзінде мемлекет жасап бермейді. Оны кесіп айтты. Сондықтан біз тек жеке компанияны сотқа бере аламыз. Америкалық адвокат жалдап, фильмді түсіруші топты сотқа берейік. Бұл елге осылай жауап беру керек. Сонда жеңуіміз мүмкін. Егер жеңе алмасақ, онда Қазақстан туралы біршама ел таниды. Шындығында қандай ел деп зерттей бастайды. Журналистерін жібереді. Өз көздері жетеді", - деді Айқын.

Әнші жеке адвокат арқылы сотқа арыз жазу керек деп түсіндірді. Заңы басқа елде заңды жұмыс істеу керек дегенді айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары