Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева өзінің қыр-соңынан қалмай жүрген қария туралы бар шындықты айтты. Нұр-Сұлтанға барған өнер иесін 80 жастағы ер адам түн жарымда қоймай кездесуге шақырған деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әнші Меруерт Түсіпбаева Instagram парақшасында өзіне маза бермей жүрген үлкен жастағы азамат туралы пост жариялады.
"Кешегі күн ауыр болды. “Пендеміз ғой” ток- шоуы Әлібиге арналды, онсызда жалғызбасты әкесі әділетсіздікпен күресіп шаршаған, денсаулығы сыр берген, толқып әзер сөйледі. Бағдарламадан ауыр тас көтеріп шыққандай сезімде болдым. Құдай басқа салмасын, жазықсыз Әліби,2 жылға жуық қамауда. Қонақ уйден кешкі ас ішіп , демалайын десем, 80-дегі шал қоңырау шалады. "Кездесейік, менде Астанадамын" деп.
Оның нөмірін қара тізімге қоямын. Басқа нөмірлерден звондап, арасында сытылып шығып кетеді блоктан. Мен кеше қатты ашуландым. Аса дөрекі болған да шығармын. Әдемі қартая алмаған қарияға мені жөніме қалдыр дей жаздадым. Маған сағат түнгі он бірде кездесейік , саған тосын сыйым бар дейді. Алдағы уақытта 16 желтоқсан мақтау қағаздарына қол қоясың деді.
Өтірік! 16 желтоқсанға қарсы, Әлібиді шығарса, маған сол ең керемет атақ, кез келген жүлдеден артық дедім де, телефонды жауып, шал- дың жаңа нөмірін блоктап тастадым!Әліби кім екенін түсінбей, дал болған шығар. Таңертең ояна салсам, жекеге біреу хат жазады. “Хабар “арнасында жұмыс жасайды деп жазылып тұр екен профильде. Түріне қарасаң, дені сау адам сияқты. Уақыт таңғы 8:30 болған. Ерініп отырып жауап жаздым. Сөйтсем, бұл ерте алжыған біреу екен. Еркектердің қырындауы менің ғана жыныма тиеді ма?! Шынымен жыным ұстайды. Мазамды алмаңыздаршы. Жүрегім бос емес" , - деп жазды Түсіпбаева.