$ 447.4  477.55  4.76

«Ұят-ай!» еркектің мойнына мінгені»: бассейнде ойнаған Алтынай Жорабаеваның қыздары қызу талқыға қалды (ВИДЕО)

Бірі қыздардың екінші әкелерімен деген жылы арақатынасына тәнті болып жатса, енді бірі жасөспірімдердің үлкен азаматпен суға түсіп жүргенін ерсі санаған.
Фото: instagram
Фото: instagram

Ғаламтор кеңістігінде Алтынай Жорабаеваның жолдасы мен қыздарының бассейнде ойнап жатқан видеосы тарап, ел арасында қызу пікірталас тудырды. Әншінің перзенттері мен екінші күйеуінің өзара қарым-қатынасына қатысты халық екі түрлі пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

Алтынай Жорабаева Instagram желісінде Түркия елінде қалай демалып жатқанын көрсетті. Өнер иесі Stories бөлімінде күні бойы не істегенін жариялап, жұртты қызықтырып қойды. Белгілі болғандай, эстрада жұлдызы шетелге жолдасы мен қыздарымен бірге шыққан. Олар өзге елге саяхаттап барып, көптеген әсем жерлерді аралаған.

Күні кеше Жорабаева сүйіктісі мен қыздарының бассейндегі видеосымен бөлісіп, ойламаған жерден қызу талқыға қалды. Онда әнші перзенттерінің екінші әкелерін құшақтап жүзіп жүргенін байқауға болады. 

Желі қолданушылары аталмыш бейнежазбадағы көрініске қатысты ойлары бір жерден шықпай, түрлі пікір білдірді. Бірі қыздардың екінші әкелерімен деген жылы арақатынасына тәнті болып жатса, енді бірі жасөспірімдердің үлкен азаматпен суға түсіп жүргенін ерсі санаған. 

"Маған ерсі көрінді. Үлкен қыздың бейтаныс азаматтың мойнына отырып алғаны бір түрлі екен" , "Мына жолдасыңыз сіздің байлығыңызға қызыққан ғой. Түбінде жаман ойы ашылар", "Өте балажан кісі екен. Қандай керемет көрініс" , "Үлкен қыздарғой ұят ай масқара еркектің мойнына мініп алып ", "Көз тимесін.Қыздарыңыздың көңілін таба алған адам сіз үшін көп нәрсеге баратыны анық" , - деп жазды ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары