06.12.2020, 05:15

«КешYOU» тобының экс-әншісі Балжан Бидаш актер Жахан Отарғалиевқа тұрмысқа шықты

Фото: Instagram/zhahan_otargaliyev
Былтыр Балжан Бидашқа экс-ғашығы үйленуге ұсыныс жасап, кейін олардың үйленбегендері белгілі болған еді.

Көптеген комедиялық фильмдер арқылы танымал болған актер Жахан Өтерғалиев әнші Балжан Бидашпен шаңырақ көтерді, деп жазады Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Жағымды жаңалықпен актер Асылхан Төлепов Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

"Ал нағашы құтты болсын, Балжан екеуің бақытты болыңдар! Өте қуаныштымын", - деп жазды актер.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр Балжан Бидашқа экс-ғашығы үйленуге ұсыныс жасап, кейін олардың үйленбегендері белгілі болған еді