Мәдениет & Шоубиз 08.12.2020 сағат 18:00

Төреғали Төреәлі баласының аузына Бекболат Тілеуханға түкіртті

"Бұл мен үшін және менің ұлым Төренұр үшін керемет тарихи күн болды", - деп отыр ол.
Төреғали Төреәлі баласының аузына Бекболат Тілеуханға түкіртті
Фото: видеодан скриншот
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Әнші Төреғали Төреәлі ұлының Бекболат Тілеухан мен Мұхамеджан Тазабекке ұқсағанын қалап, пандемия кезінде оған бата беріп, аузына түкіруді сұраған. Бұл туралы әншінің өзі Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлады paryz.kz.

"Бұл мен үшін және менің ұлым Төренұр үшін керемет тарихи күн болды", - деп отыр ол.

Айтуынша, өзі Алматыға келгенде Бекболат Тілеухан мен Мұхаммеджан Тазабектің "қамқорлығына" алынған екен.

"Алла сәтін салып, бұл кісілердің алдын көріп, алқасында болдық. Талай шалалық, шалығымызға көз жұма қарап, тек қолдау жасаумен келеді... Менің руымды, туған жерімді, айналамды сұрап жатпай-ақ, бала күннен бауырға басты", - дейді Төреғали Төреәлі.

Сонымен, ол Бекболат Тілеуханның Алматыда екенін естіген соң Мұхамеджан Тазабекке хабарласып, баласының аузына түкіртіп, батасын алып қайтуға бел буған.

"Алла біздің жаманға да осындай ұлтын ойлап, жұртын жақсылыққа шақырып жүретін ардақты ағалардың жолын нәсіп етсін! Сіздер әумин деп отырыңыздар, ағайын" деп жазды әнші.

Ал оның желіге жариялаған видеосынан Мұхамеджан Тазабектің де қолын жайып, бата беріп отырғанын көруге болады. Бәрі де арақашықтық пен маска тағу режимін сақтамаған. Сондай-ақ, "Құр қолға бата жүрмейді" деген тәмсілді ескерсе керек, әншінің жары "бір кемедегі" батагөй ағаларына пакетпен әлдебір сыйлық ұсынуда.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар