$ 494.87  520.65  4.91

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі режиссер Жәнібековті сотқа беруі мүмкін

Күні кеше танымал қазақстандық режиссер Талғат Жәнібеков Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын "откат" сұрады деп айыптаған болатын. Кино маманы "Феникс" деп аталатын кезекті картинасын түсіруге министрдің кедергі келтіріп отырғанын айтып, араша сұраған еді. Бүгін ҚР МСМ Мәдениет ісі жөніндегі департаменттің директоры Ақтоты Райымқұлова режиссердің мәлімдемесіне жауап қайтарды деп жазады Tengrinews.kz.

«Мен қазір "Феникс" картинасын түсіріп жатырмын. Біз оны Ғарышкерлер күніне орай аяқтаймыз деп жоспарлағанбыз. Алайда, министр Арыстанбек Мұхамедиұлы бұған мұрша берген жоқ. Ведомство басшылары біздің картинаны заңсыз тоқтатып тастады. Салдарынан біз қазір әрі қарай жылжи алмай отырмыз»,— дейді режиссер өзінің бейнеүндеуінде.

Оның айтуынша, Мәдениет министрі фильмді соңына дейін аяқтату үшін пара сұраған көрінеді. Алайда, Ақтоты Райымқұлова Жәнібековтің бұл айтқандарын қып-қызыл жала деп отыр.

«Қоғамның әрбір мүшесі өз ойын ашық білдіруге құқылы, әрине. Министрлік мәдениет саласына жауап беретін орган. Ал, жобаларды әзірлеу немесе тоқтатып тастау сынды жұмыстар "Қазақфильм" киностудиясы тарапынан жүргізіледі. Аталған компания негізгі кино шығаратын негізгі фабрика. Олар шығарған шешім сарапшылар комитетінің шешімімен негізделген. Бұл шығармашылық мәселелер және олар киностудия қабырғасында шешіледі, кейін министрлікке ұсынылады. Қазір біздің тарапқа тағылған айыптардың бәрін заңгерлер мен тіл мамандары тексеріп жатыр. Нәтижесіне байланысты шара қолданамыз және оны жария етеміз»,— дейді А.Райымқұлова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары