$ 446.49  475.38  4.79

«Шешіндіріп әуре болмайсың»: Аман Тасыған «QosLike» бағдарламасына үміткер болып келді (ВИДЕО)

Ол қатысушы Зухра есімді ханым үшін келгендігін айтты.

Қазақстандық танымал тележүргізуші Аман Тасыған жастардың басын қосатын «QosLike» бағдарламасына үміткер болып келді. 

Ол қатысушы Зухра есімді ханым үшін келгендігін айтты. 

"Зухра ханымға келіп отырған себебім, жұмыс жеңілдейді. Шешіндіріп әуре болмайсың. Дайын асқа тік қасық дегендей ғой", - дейді Аман Тасыған.

Зухра есімді қатысуышының "Не айтуға келдіңіз?" - деген сауалына:

- Киініп жүріңізші деп айтуға келдім. Жабық жандардың болашағы жарқын болады. Әдебі айна, сұлулығы ғажап тым, әрбір қазақтың қызы менің қарындасым. Мысалы, Диана менің қарындасым, биографиялық, географиялық жағдайынан. Біз ойлаймыз ғой, біз ашық жүрсек жігіттер бізге жақын жүреді деп. Керісінше, өзінің арын, барын жасырып жүрген жан жұмбақ болады. Ол құпия болады. Ал, құпияны кез келген адам жақсы көреді. Жабық нәрсенің арғы жағындағы сырды көргісі келеді. Сырласқысы келеді", - деді Аман Тасыған. 

Алайда, сөз соңында Аман Тасыған бұл жәй ғана алдау операциясы, пранк екендігін атап өтті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары