Белгілі режиссер Сатыбалды Нарымбетовке «Кенесары хан» туралы фильм түсіруге не кедергі? Қазақтың соңғы ханы жайлы тарихи шындықты ашып көрсетуге қанша қаржы керек? Танымал қазақ киногерлерінің Ақордаға жазған ашық хатына Президент не деп жауап қайтарды? Істі болған «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» бұрынғы басшысы Гүлнәр Сәрсенова бюджет миллиондарын неге жеке продакшндарға бөлген? Жемқорлық дауына іліккен орталықты қазір кім басқарады?
Ал Сатыбалды Нарымбетов «Қазақфильм» басшысы Ақан Сатаевты не үшін ақылды санайды? Сайқымазаққа айналған қазақ киноиндустриясы, прокаттағы қиындық пен осы саладағы басқа да сұрақтарға Сатыбалды Нарымбетов «Азат алаң» бағдарламасында жауап берді, деп жазады Аzattyq-ruhy.kz.