$ 487.37  532.94  5.09

«Не сұмдық?»: омырауы көрініп тұратын киім киген Мадина Сәдуақасованы жұрт сынап тастады (ФОТО)

Олар әртісті омырауын айқара ашқаны үшін сынға алған.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Мадина Сәдуақасованың жаңа жылдық түсірілімге таңдаған образы елдің қызу талқысына түсті. Өнер иесінің көйлегі желідегілердің ашуын келтірген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова Instagram желісінде мерекелік түсірілім кезінен сурет пен видео жариялап, ел назарын өзіне аудартты. Онда эстрада жұлдызының талдырмаш мүсінін көрсетіп тұратын көйлекті киіп алғанын көруге болады.

Алайда, әншінің образы барлығына бірдей ұнай қойған жоқ. Кейбір оқырмандар Сәдуақасованы тым ашық киім үлгісін таңдағаны үшін сөгіп тастады. Олар әртісті омырауын айқара ашқаны үшін сынға алған.

"Әйел адам деген омырауын жауып жүру керек", "Не сұмдық? Неге жалаңаштанып барамыз?" , "Отбасылы келіншектің кеудесін ашып жүргені ерсі көрінеді" , "Енді мүлдем ашық образдарда бой көрсетпеймін дегеніңіз қайда? Тағы да басталды ма?" , "Сізді және сіздің өнеріңізді қатты құрметтеймін. Бірақ, көптің айтқанына қосылмасқа амалым жоқ. Мына образыңыз шынымен тым ашықтау секілді" , - деп жазуда желі қолданушылары. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары