$ 494.87  520.65  4.91

Аңға шыққан Төреғалиге қатысты тексеру басталды (ФОТО)

Алматы облысының Полиция департаменті істің мән-жайын анықтап жатыр.

Танымал әнші Төреғали Төрәлінің қарсаққа ұқсайтын аңды (өлі күйде) ұстап тұрған фотосуретіне қатысты тексеру жұмысы жүріп жатыр. Ол Instagram желісіндегі парақшасында фотосурет жариялап, аң аулап жүргенін жазған.

Алайда желі қолданушылары әншінің бұл әрекетін айыптап, аңға қатыгездік жасамағаны үшін сынаған. Көп ұзамай Төреғали Төрәлі бұл фотсуретті парақшасынан өшіріп тастады. Алматы облысының Полиция департаменті істің мән-жайын анықтап жатыр.

«Тексеру шараларының нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес ықпал ету шаралары міндетті түрде қабылданатын болады. Сонымен қатар, құқықтық баға беріледі», - делінген Алматы облысы ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары