08.01.2021, 16:00

«Пікірлеріміз әртүрлі болса да, бір-бірімізді құрметтеуді үйренуіміз керек» - Димаш

фото: zakon.kz
17 қаңтарда Димаш Құдайберген жаңадан сайланған АҚШ президенті Джо Байденнің ұлықтау апталығының ашылуында сөз сөйлейді.

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген АҚШ-тағы бүлікке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол бұл жайлы Instagram парақшасында жазды.

"Мен АҚШ-та болып жатқан оқиғалар жақын арада шешіледі деп үміттенемін және соған сенемін. Сондай-ақ, біздің пікірлеріміз әртүрлі болса да, бір-бірімізді құрметтеуді үйренуіміз керек. Біз зорлық-зомбылықсыз әлемде өмір сүру үшін жұдырықтай болып жұмылуымыз қажет", - делінген жазбада.

Естреіңізге сала кетейік, 17 қаңтарда Димаш Құдайберген жаңадан сайланған АҚШ президенті Джо Байденнің ұлықтау апталығының ашылуында сөз сөйлейді.