$ 443.85  474.3  4.8

Қазақстандық азамат «Украина дауысы» жобасына қатысты (ВИДЕО)

Александр Лим бұған дейін қазақстандық I'm singer шоуына қатысып, жартылай финалға дейін жеткен.

Қазақстандық Александр Лим "Украина дауысы" (Голос країни) музыкалық жобасына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жоба сахнасына Александр "Океана Эльзыдағы" Святослав Вакарчуктың "Там де нас нема" украин әнін таңдаған. Оның орындауына Надежда Дорофеева бұрылып, жігітті автомат түрде өз командасына алды. 

29 жастағы жігіт бұл шоуға бұрыннан әуес, ол Ерлан Байбазаров пен Индира Еділбаева сияқты жетістікке жете алатынына сенімді. 

Александр Лим бұған дейін қазақстандық I'm singer шоуына қатысып, жартылай финалға дейін жеткен.

Айта кетейік, "Украина дауысы" шоуының 10-шы маусымында Қазақстаннан екі әнші - Ерлан Байбазаров пен Индира Еділбаева қатысып, финалға дейін жеткен. Ал 2017 жылы Данэлия Төлешова украиналық балалар дауысының жеңімпазы атанған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары