Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген шығармашылығын дамыту мақсатында АҚШ-қа көшуге ниетті, деп хабарлайды Oinet.kz.
Әнші MTV USA бағдарламасында ағылшын тілінде сұхбат берді. Кевин Кеннимен сұхбатының тоғыз минуттық үзіндісін Димаш Instagram-парақшасында жариялады.
Әнші жанкүйерлер қарым-қатынасы мен ата-анасының қуанышы оны қаншалықты шабыттандыратынын, Қытайдағы шығармашылығы және ондағы тұрғындардың оны қалай қарсы алғаны туралы сөз қозғады.
- Менің қытайлық жанкүйерлерім өте мейірімді және қамқор, - деді әнші.
Сонымен қатар, Димаш Құдайберген шығармашылығын одан әрі дамыту үшін уақытша АҚШ-қа көшуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
Видео соңына әншінің жанкүйерлері оны қолдап, сәттілік тілеп, түрлі пікір қалдырған.
- АҚШ-қа шығармашылығыңды дамытуға кетіп бара жатқаның біз үшін өте қуанышты жайт! - деп жазады оқырмандар.