$ 498.34  519.72  4.85

«+18 ұятсыз дүниелер жазып...»: Жұлдыз Әбдікәрімова ерекше мәлімдеме жасады

Мұндай парақшаларды мамандарға тапсырдым.

Әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова өзінің фан парақшаларын жүргізетіндердің әрекеті жайлы жазба жариялады. Актрисаның жазуынша, оның кейбір фейк желі қолданушылары оның атынан фан парақша ашып, «сенімсіз, ұятсыз жарнамалар» жариялайды екен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Менің фан парақшаларымның барын бұрын да білетінмін. Бірақ олардың кейбірі мен көре алмайтындай етіп, түрлі сенімсіз жарнамалар мен ұятсыз (+18) дүниелер жазып, оқырмандардың ашуына тиеді екен.
Құрметті оқырман, менің #ресми парақшам осы. Ал басқа ұнамайтын контент салатын парақшаларды көрсеңіз #пожаловать дегенді басыңыз.

Мұндай парақшаларды мамандарға тапсырдым. Енді әр фан парақшаны тексеріп отырамын. Ешқандай жарнамасыз әп-әдемі, тап-таза жүргізіп отырған парақшаларға алғысымды айтамын!», - деп жазған Жұлдыз ханым адал оқырмандарына ризашылығын білдірді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары