"Борат-2" үздік комедия немесе мюзикл номинациясы бойынша "Алтын глобус" сыйлығының иегері атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл туралы "Алтын глобустың" Twitter-дегі ресми парақшасында хабарланды.
Ал Саша Барон Коэн "Комедия немесе мюзиклдегі ең жақсы ер адам ролі" номинациясын жеңіп алды.
Тағы оқи отырыңыз:
«Борат - Американың тыңшысы» - заңгер
«Борат» - тарихтағы ең нәсілшіл фильм» - америкалық жазушы
Сыйлықты Голливудтың шетелдік баспасөз қауымдастығы (HFPA) - 90 халықаралық журналистен тұратын топ табыстайды. Енді фильм "Оскар" номинациясына ілігуі тиіс.
"Борат-2" фильмінің сюжеті бойынша қазақстандық танымал журналист Борат Сағдиев тағы АҚШ-қа барады. Ол жақта елдің саяси өмірі мен алдағы президент сайлауы туралы зерттейді. Адамдарды ызаландырады, коронавирус пандемиясымен қолға скороводка алып күреседі және демократтардың қарсыластарымен әңгімелеседі.
Фильм премьерасы 2020 жылы 23 қазанда Amazon Prime-да - АҚШ президентін сайлау қарсаңында болды.
Бірінші "Борат" 2006 жылы шыққан. Ол Қазақстанда көрсетуге тыйым салынған.