Мәдениет & Шоубиз 02.03.2021 сағат 18:00

Қыдырәлі Болманов сүйінші жаңалықты хабарлады (ВИДЕО)

Біртұтас қазақ еліне, мың алғыс, мың тағзым
Қыдырәлі Болманов сүйінші жаңалықты хабарлады (ВИДЕО)
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Танымал әнші әрі продюсер Қыдырәлі Болмановтың жобасы «Ұлытау» тобы «Djooky Music Awards» байқауында жеңіске жетті. Бұл жайлы Skifnews.kz ақпарат порталы, продюсердің желідегі парақшасына арнайы видео жүктеді. 

Қыдырәлі Болман продюсерлік ететін «Ұлытау» тобы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өткен «Djooky Music Awards» халықаралық музыкалық байқауында «рок-металл санаты» бойынша жеңіске жетті.  Байқауда қазақ өнерін шетелдіктерге танытып жүрген топ Махамбет Өтемісұлының «Жұмыр қылыш» күйін орындаған.

Еңбегінің нәтижесін көрген Болманов мырза, қуанышы қойнына сыймай: «Бүкіләлемдік жеңіс құтты болсын, Қазақ елі! Мың алғыс, мың тағзым! Күмбірлеген, тасып-төгілген күйлерімізді әлемнің сахнасына шығарып, домбырамызды аламан бәйегелерге қосып, бас жүлделер бұйыртқан Аллаға сансыз мадақтар болсын! Үлкен қолдау көрсетіп, таңғы 6:00-ге дейін «Ұлытау» тобымен бірге болған сіздерге, Қазақстан өнер жұлдыздарына, біртұтас қазақ еліне, мың алғыс, мың тағзым», - деп жазды. 


 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар