$ 494.87  520.65  4.91

Әли Оқапов Гүлназ Жолановаға тұрмысқа шығуға кеңес берді (ВИДЕО)

Жастық шақ – резеңке емес.

Әнші Әли Оқапов актриса Гүлназ Жолановаға тезірек тұрмысқа шығуға кеңес берді. Оның актрисаға әзілдеп, бір жағынан астарлап ақыл айтқан сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталыг. 

Көпшілік қызығушылық танытқан әлгі видеода Әли Оқапов қасында кішкентай ұл бала қолындағы сағатты көрсеткен. Ол сағат тілін нұсқап, балақайға: «бұл сағат Гүлназдың тұрмысқа шығатын уақыты келгенін көрсетіп тұр» деп айтқан.

Бейнежазбаға сүйенсек, Оқаповтың әзілдеп отырған жерде Гүлназ Жоланованың өзі де болған. Кадр сыртында актрисаның күлгендегі үні видеоға жазылып қалған. 

Өзі отбасылы болған соң достарының да шаңырақ құруына тілекші болып жүрген Оқаповтың бұл әзіліне көпшілік сүйсініп, оны қоштай жөнелді.

Видеоны көрген желі қолданушылары: «Жастық шақ – резеңке емес», «Әлидің тәрбиесі күшті, жақсы жігіт қой», – деп жазды. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары