03.03.2021, 17:40

Әнші Артур Дәулетияров шаңырақ көтерді (ФОТО)

Фото: ашық дереккөзі
RaiM & Artur дуэтінің әншісі Артур үйленді.

Қазақстанық шоу-бизнесте өзіндік орны бар RaiM & Artur дуэтінің әншісі Артур Дәулетияров үйленді. Қуанышты жаңалықты оның өзі жеткізді, деп жазды NUR.KZ.

Талай қыздың арманына айналған әнші өзінің ресми түрде бойдақтар тізімінен шыққанын Instagram желісінде айтқан. Ол жеке парақшасында қалыңдығымен түскен фотосын жариялап қойды.

"Қысқасы, не айтарымды да білмей тұрмын. Мен бақыттымын", - деп жазды аталмыш суреттің астына Артур.

Алайда, өнер иесі жүрегін жаулаған бойжеткенді халыққа әзірге көрсетуге дайын емес болып шықты. Артур фотода жарының түрін жауып қойған. Бұл жаңалық әртістің табынушы қыздарының жүрегін жаралағаны анық. Олар өз сүйікті жұлдызының отбасын құрғанына сенбей, кейбірі тіпті оның үйленгенін пранк деп ойлап жатыр.