$ 443.35  475.54  4.82

«Халқымыздың мәртебесін көтердің»: Димаш Иманбекті жеңісімен құттықтады

Бүгінгі бұл жұлдызды сәтің әлі талай ұзақ жылдар бойы сені алға жетелей берсін!...
Фото: azattyq-ruhy.kz
Фото: azattyq-ruhy.kz

Отандық танымал әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желіде Иманбек Зейкеновті (Imanbek) Roses SAINt JHN композициясы үшін жеңіп алған "Грэмми" жүлдесімен құттықтады, деп Skifnews.kz ақпарттық порталы.

"Алтын бауырым, үлкен жеңісің құтты болсын! Өз талантыңмен біздің халқымыздың мәртебесін көтеріп тастадың!!! Бүгінгі бұл жұлдызды сәтің әлі талай ұзақ жылдар бойы сені алға жетелей берсін! Нағыз қазақтың DJ, ән өңдеушісі болса, сендей-ақ болсын! Шаршама, талма, самға! Жарайсың", - деді Димаш Құдайберген Instagram-дағы парақшасында.

Тағы оқи отырыңыз: Иманбек «Grammy» сыйлығын жеңіп алды

Еске сала кетейік, 2019 жылдың жазында Иманбек Saint Jhn атты рэпердің Roses атты әнін тауып, соған ремикс жазуды қолға алады. Бұл композиция үш жыл бұрын шығып қойған болатын. Иманбек әнге ремикс жазып, оны әлеуметтік желіге жариялады. Арада бірнеше ай өткенде ол поп жұлдызға айналды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары