$ 445.66  474.58  4.78

Қайрат Нұртас карантин талаптарын елемей тойда ән айтып жүр

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Әнші Қайрат Нұртас Семейде тойда жүрген кезінде видеоға түсіп қалған. Видео желіде таралып, кейіннен жойылған, деп хабарлады Skifnews.kz ақпараттық порталы, Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Еске сала кетсек, қалада шектеу шаралары кезінде санитарлық нормалардың сақталуын бақылау бойынша рейдтер жалғасуда. Бизнес субъектілеріне қатысты айыппұл 230 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

"Қазақстандық әншінің қатысуымен жерасты салтанаты өткен мейрамхана иесіне, сондай-ақ, лауазымды тұлғаға қатысты санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін материалдар жиналып, процессуалдық шешім қабылдау үшін мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық бақылау басқармасына жіберілді", - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары