Мәдениет & Шоубиз 05.04.2021 сағат 15:00

«Мақтанды!»: әнші Қайрат 60 млн тұратын су жаңа автокөлігін көрсетті (ВИДЕО)

Ол жаңа автосына "777VIP17" нөмірін қойып алған.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Қайрат Нұртас жақында ғана сатып алған су жаңа автокөлігін көрсетті. Өнер иесінің таңдауы Lexus LX атты қымбат темір тұлпарға түскен. Желідегі ақпаратқа сәйкес, оның бағасы 60 млн теңгеден басталады деп жазады Skifnews.kz ақпараттық порталы, nur.kz-ке сілтеме жасап.

Қайрат Нұртастың көлік сатып алғаны жайлы жаңалықпен алғашқылардың бірі болып тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы бөлісті.

Ақпарат өкілі Алматы әуежайында әншінің жаңа темір тұлпарын көріп, оны құттықтауға кіріскен. Видеода қуанышы қойнына сыймаған әртістің бірден темір тұлпарымен таныстырып, оның ішін көрсетуге кірісе кеткенін байқауға болады. Өнер иесінің автокөлігіндегі нөмір бірден желідегілердің көзіне түскен. Ол жаңа автосына "777VIP17" нөмірін қойып алған. Сонымен қатар, интернеттегі ақпаратқа сәйкес, аталмыш авто 60 млн теңге шамасында тұрады.

 Эстрада жұлдызының жанкүйерлері ол үшін қатты қуанып, Instagram желісінде құттықтауларын жаудырған.

"Жарайсың Қайрат. Нағыз батырлар тек осындай көліктерді тізгіндеу керек" , "Жаңа көлігін құтты болсын" , "Сіз бар жақсылыққа лайықсыз" , "Өзіміз алғандай қуанып тұрмыз" , "Қандай бақытты өзі. Ұзақ күткен сияқты ғой бұл автоны" , "Жұғысты болсын" , "Ақ тұлпар құтты болсын" - деп жазуда халық. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар